The World of the English Language

04.09.2025

Тілдер апталығы аясында 1 курс студенттері арасында «The World of the English Language» атты викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ой-өрісін кеңейту, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру және ағылшын тілді елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру.

Викторина бірнеше қызықты тапсырмадан тұрды:

«Елдер мозаикасы»– қатысушылар ағылшын тілді елдердің туы мен әйгілі орындарының суреттерін құрастырды.

QR-код арқылы ойындар– студенттер онлайн-викториналарға қатысып, Ұлыбритания жайлы білімдерін тексерді.

«The Importance of English» кластері – топпен жұмыс істеп, ағылшын тілінің маңызын оқу, мамандық, саяхат және халықаралық қарым-қатынас тұрғысынан көрсетті.

Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Тапсырмаларды орындау барысында адалдық пен әділдікке ерекше көңіл бөлінді. Бұл «Адал азамат» жобасының басты қағидаларымен ұштасады.

Сонымен қатар, викторина студенттердің ойлау қабілеті мен білімге деген құштарлығын арттырып, «SMART бала» бағытына сай өтті.

Іс-шара достық жағдайда өтіп, студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың адал, білімді әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті.



Текст
Виртуальная приемная